​Еркек пен әйелдің төсектегі 4 қателігі (жалғасы)

0
11 398

Алдыңғы мақалада еркектердің төсектегі 4 қателігін келтірген болатынбыз. Уәде бойынша, ендігі мәселе – әйелдердің көрпе үстінде жол беретін қателіктері.


​Еркек пен әйелдің төсектегі 4 қателігі (жалғасы)

фото: onedio.ru

Әркім өзіне тиістісін оқығаны жөн шығар. Еркектер бұл мақаладан аттап өтіп кеткені дұрыс.

Әйел төсекте қателеспейді деп кім айтты? Қателескенде қандай? Олар де пенде ғой?!

Алдыңғы мақалада еркектердің төсектегі 4 қателігін келтірген болатынбыз. Уәде бойынша, ендігі мәселе – әйелдердің көрпе үстінде жол беретін қателіктері.

Әйелдердің №1 қателігі: қашан көрсең бір «жатыс»

Күнде сол... Әр түнде... Жылдар бойы...

«Бөрене» деген теңеуді естімеуіңіз мүмкін емес. Естіген болсаңыз, жағдайыңыз мәз емес. Ал еріңіз ол сөзді аузына алмаған болса, қуана беріңіз!

Төсекте жалғыз жатпасаңыз және тән қалауын сіз де қанағаттандырғыңыз келсе, сәл-пәл қозғалу керек. Ашық айтпай нені тұспалдап отырғанымызды жақсы түсініп отырсыз.

Содан соң «енді жас емеспін» деп ішкі киімдерді ауыстырмағаныңыз абзал. Сыртқы киімдеріңіз өзгерсін, имиджіңізді де жасыңызға лайық өзгерте беріңіз. Бірақ еріңізге сіздің жас кезіңізден еске салып тұратын бірдеңе қалдырыңыз.

Әйелдердің №2 қателігі: «Қалай көрініп тұр екенмін?!»

Әйелдердің жалпы өмірде де осы бір сауалға өмірінің жартысын арнап жіберетіні өкінішті. Рас, жыл озған сайын өзінікін ала береді. Жаймен әжім түсе бастаса, келесі жылдары күш-қуат та бұрынғыдай болмайды. Бірақ сонау жас кезден қалып кеткен сауалды өмір бойы арқалаудың не қажеті бар? Әсіресе, төсекте!

Міне, тап осы сауалдың кесірінен әйелдер жиі тән ләззатына қанағаттанбай қалады. Сосын қабағы қатыңқы, көңілі көншімей, ештеңе ойынан шықпай жүргені сол... 15-20 жыл бір төсектің қамын күйттеп келе жатқан еріңізбен бірге болғанда сол сауалды ұмытқаныңыз жөн.

Әйелдердің №3 қателігі: вагинит

Бұл да әйелдерде жас ұлғайған сайын кездесе беретін проблеманың бірі. Бірақ шешілетін мәселе.

Алдымен оның не екенін біліп алған жөн шығар.

Вагинит – қынаптағы жағындының азаюы. Бұл көбіне жас ұлғаюдың нәтижесінде орын алады. Кейде микрофлоарның бұзылуынан да болады. Онкологиялық дерттер мен кейбір дәрі-дәрмектердің де әсері бар.

Жағынды азайған соң ауырсынудың да болатыны белгілі. Бірақ оған бола төсекте еріңізге сырт айналудың жөні жоқ. Ол үшін арнайы ылғалдандырғыш мазьдер бар. Оны дәрігерден біле аласыз. Ал денсаулығыңыздағы кінәратты дәрігермен анықтап, шеуге болады.

Әйелдердің №4 қателігі: либидоның төмендеуі

Нақтырақ айтсақ, әйелдің жасы ұлғайған сайын аналық бездердің қызметтері баяулай бастайды. Мұның әсерінен ағзаға бөлінетін эстроген мөлшері азаяды да, либидо, яғни, әйелдік құштарлық, төсекке деген құмарлық төмендейді.

Бұл проблема да шешіледі. Мәселен, еркектерде белсіздіктің мәселесі қалай шешілсе, мұнда да дәрігердің араласуы арқасында арнай дәрі-дәрмектермен қалпына келтіруге болады.

Әлбетте, денсаулық пен дұрыс өмір сүру салтын сақтау мұнда да маңызды.

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым.