​Еркек пен төсек... Ең қызықты фактілер

0
46 818

Еркектер төсекке келгенде бәрін біле ме? Әлде білмесе де білгенси сала ма? Көрейік. Мұнда тек еркектердің төсек қатынасына қатысты жағдайдағы фактілер ғана жинақталған.


​Еркек пен төсек... Ең қызықты фактілер

фото: blog.i.ua

Еркектер төсекке келгенде бәрін біле ме? Әлде білмесе де білгенси сала ма? Көрейік.

Мұнда тек еркектердің төсек қатынасына қатысты жағдайдағы фактілер ғана жинақталған.

  • Әлемнің әр бұрышындағы елдердің ғалымдары жиналып мынадай қорытындыға келген: велосипедті ұзақ айдау – еркектердің жыныстық сезімталдығын бәсеңдетеді. Яғни, төсек қатынасында тояттануы қиындау болатын көрінеді. Айтпақшы, әйелдер де велосипедті көп айдауда абай болғаны дұрыс.
  • Кофе немесе құрамында кофеині бар сусындарды көр ішетін еркектер де өздерінің төсектегі қабілеттеріне шағым айтпай-ақ қойса болады екен.
  • Еркектерде ұрық шашу жылдамдығы сағатына 44 км көрінеді. Орта есеппен алғанда, бір еркектен өмір бойына шамамен 15 л шәуһат бөлінеді. Иә, түк емес көрінгенмен әжептеуір сан құсайды ғой?!
  • 100 млн сперматозоидтың 200-і ғана аналық ұрыққа «тірі» жететіні де таңғаларлық факт.
  • Темекіні аз шегетін немесе мүлде әуестігі жоқ еркектер төсек қатынасына жиі түседі. Сонымен қатар, оларда жыныстық қатынастың проблемалары аз кездесетін көрінеді. Демек, темекіге әуес еркектер белден төмен мәселеге тап келмес үшін бас тартуы керек.
  • Жыныстық қатынасқа келгенде әйелге қарағанда еркектер тез қозады. Бірақ, таңғаларлығы – еркектердің жыныстық мүшесінде жүйке иірімдерінің нүктелері әйелдерге қарағандаекі есе аз орналасқан – небәрі 4 мың ғана. Ал әйелдерде ол 8 мыңға жуық.
  • Жыныстық қатынасқа жиі және тұрақты түрде түсетін еркектердің 75 пайызы тояттана алады. Ал серігі тұрақсыз және салт өмір сүретіндердің бұл көрсеткіші өте төмен.
  • Егер еркектер қатты стреске шалдығатын болса, бұл жағдай олардың жыныс мүшесінің қысқаруына себеп болатын көрінеді.
  • Еркектердің жыныс мүшесін «ұзартуға» болады. Бір ғана жолы – артық салмақ тастау. Әрбір 5 кг салмақ тастау жыныс мүшесін 1 см-ге ұзартады екен.
  • Ең қызығы – болашақ «еркектерде» эрекция құрсақта жатқанда үшінші айда-ақ байқалатын көрінеді.
  • Еркектерде есейген сайын бөлінетін ұрық мөлшері көбецеді, бірақ жыныстық қатынасқа түсу саны азаяды.

Дереккөз: fb.ru

Аударған: Жайнаған Байтұрым.