​Еркектер әйелдің бөксесіне «жаман оймен» ғана қарамайды

0
9 084

Еркектердің басым көпшілігіне бөкселі әйелдер ұнайды. Қаз омырау, қыпша белден кейін дөңгеленген жұмыр бөксе тұрса, еркек шіркіндердің көз ала алмай қалатыны содан... Өткен жолы еркектердің неге көзі бірінші әйел омырауына түсетінін жазған болатынбыз. Бұл жолы еркектерге әйел бөксесі не үшін ұнайтын себебін анықтап көрейік.


​Еркектер әйелдің бөксесіне «жаман оймен» ғана қарамайды

фото: myladyblog.ru

Еркектердің басым көпшілігіне бөкселі әйелдер ұнайды. Қаз омырау, қыпша белден кейін дөңгеленген жұмыр бөксе тұрса, еркек шіркіндердің көз ала алмай қалатыны содан...

Өткен жолы еркектердің неге көзі бірінші әйел омырауына түсетінін жазған болатынбыз. Бұл жолы еркектерге әйел бөксесі не үшін ұнайтын себебін анықтап көрейік.

Мұны да ауадан алып отырған жоқпыз, арнайы дәлелденген көрінеді. Зерттеушілер еркектерге неге әйелдің бөксесі ұнайтындығын және неге бөкселі әйелдер ұнайтынын, сонымен қатар, бөксе болғанда да қандай түрі ұнайтындығына дейін зерттеп көріпті.

Нәтижесінде, әйелдің арқасымен тік түсіп келіп белінен төменге түсе берген тұста жамбасы 45 градус жасай қайқыланып барып дөңгелене біткен бөксе – бар еркектің ойынан шығатыны белгілі болған. Басқа емес, тап 45 градус!

Жо-жоқ, еркектер туралы «жаман ойлап» қалмаңыз. Әйел бөксесіне еркектер тек аузынан сілекейі шұбырып құмарлықпен ғана қарамайды екен, мұның астарында үлкен мән жатқан көрінеді. Қайқы біткен бөксеге «көз салу» еркектердің пайда болған тарихынан, яғни, адамзаттың эволюциялық табиғатынан белгілі екен. Ертеде бөксесі қайқылана біткен әйелдерге жүктілігінің соңғы айына дейін шаруаға жарамды әрі омыртқасына ешбір зиянын тигізбей өмірге ұрпақ әкеле алады деп қараған деседі. Сондай-ақ, бөкселі әйелдерге еркектер екінші бір себеппен - «өмірге көп ұрпақ әкеле алады, бала тууға қабілеті жоғары» деп те қарайды екен.

Ғалымдардың дерегінше, бөкселі әйелдердің көз сүйсінтуі – оның көлемінде емес, омыртқасынан иіле біткендігінде екен.

Зерттеу үшін қатысқан 300 еркекке омыртқасы әртүрлі градуста иілі біткен әйелдің мүсінін көрсетіп, тартымдылығы бойынша бағалау тапсырылған. Нәтижесінде, 300 еркектің басым көпшілігі омыртқасы 45,5 градусқа иіліп, бөксесі қайқылана біткен әйел мүсінін сымбатты деп таныған.

Омыртқаның 45 гардусқа иіле бітуі медицина тұрғысынан да дұрыс деп есептеледі екен. Мұндай бұрышпен иіле біткен қайқы бөкселі мүсін әйелдердегі омыртқа жарығына шалдығудан сақтап, арқа ауыруын да болдырмайтын көрінеді.

Демек, бөксеге көзі түскен еркектің бәрі «жаман ойлы» емес. Олардың да «бір ойлағаны» бар екенін сіз де бір ойлап қойыңыз.

Жайнаған Байтұрым.