​Алаң иелері өз қақпасына гол соғып алды

0
1 578

23 - минутта ресейліктер өз қақпасына гол соғып алды.


​Алаң иелері өз қақпасына гол соғып алды

фото aladop.kz

ERNUR.KZ.Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 3 - тур матчтары басталды деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"А" тобында турнир қожайындары мен Уругвай бірінші орын үшін барын салды. Ойында тек қана бір команданың футболшыларына гол соғу бақыты бұйырды. Луис Суарес айып добын тамаша орындап, кездесудегі есепті ашты.

23 - минутта ресейліктер өз қақпасына гол соғып алды. Денис Черышевтің аяғына тиген доп, Игорь Акинфеевтің қақпасынан табылды. Есеп - 0:2.

Кейін Игорь Смольников қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Ойын соңында Эдинсон Кавани Ресей қақпасына үшінші голды соқты. Осылайша Уругвай топтың кезеңді бірінші орынмен аяқтады. Ал, Ресей екінші орында.

Топтағы екінші матчта Сауд Аравиясы Мысырды 2:1 есебімен жеңді.

"В" тобында Иран - Португалия - 1:1, Испания - Марокко - 2:2 есебімен тең ойнады.

Демек, 1/8 финалда Уругвай - Португалия, Ресей - Испания кіл мықтыны анықтайтын болады.