"10 есе арзан": Қытайлықтар Range Rover көлігінің көшірмесін шығарды (фото)

0
1 105

Қытайлықтар британдық көліктің дизйнын толығымен көшірген.


ERNUR.KZ. Қытайлық Hunkt Canticie компаниясы британдық жол талғамайтын - Range Rover автокөлігінің көшірмесін жасап шығарды, деп жазады kaz.nur.kz.

Люкс көлік көшірмесінің құны - небәрі 18 мың доллар. Ол әзірге тек Қытай аумағында ғана сатылымға шықпақ.

Қытайлықтар британдық көліктің дизйнын толығымен көшірген. Сондай-ақ, бұл жұмыстың Range Rover компаниясының рұқсатымен жасалғаны еш жерде хабарланбаған.

Тұпнұсқасына қарағанда көшірме Range Rover көлігі едәуір арзанға түспек. Мәселен британдық нұсқадағы қозғалтқыш бес литрлі болса, көшірмесінің қозғалтқышы екі литр.

Range Rover автокөлігінің Қытайдағы бағасы 173 мың доллар. Мұндай үлкен сома ондағы қарапайым халықтың қалтасына ауырлық салады. Көліктің жылдамдығы 218 жылқының күшіне тең.

Әзірге көшірмеге қатысты британдық автоөндіруші компанияның қандай көзқараста екені белгісіз.

Дегенмен қытайлық нұсқадан кейін желі қолданушылары британдық өндірушілер өз автокөліктерін асыра бағалап отырған жоқ па деген ойға қалған.