11 жасар бала әкесін құтқару үшін 14 келіге семірген

0
1 044

Қытайдың Хуэйсянь қаласында ұл бала әкесін құтқару үшін 14 келі салмақ қосқан.


11 жасар бала әкесін құтқару үшін 14 келіге семірген

ERNUR.KZ. 11 жастағы Лу Цзыкуаньнің әкесі сүйек майын алмастыру бойынша отаға мұқтаж. Наурыз айында дәрігерлер оған баласының донор бола алатынын айтқан, деп жазады ktk.kz.

Алайда 11 жастағы балаға донор болу үшін салмағы кедергі келтіріпті. Сүйек майын трансплантациялау бойынша отаға салмағы 45 келіден төмен донорлар қабылданбайды екен. Ал Лудың салмағы 30 келі болған. Осыдан кейін Лу Цзыкуань қайтсе де 15 келі салмақ қосудың жолын іздеген.

«Ауырсам да, тамақ жеуді тоқтатпаймын. Біздің отбасымыз әкемнің өлімін көтере алмайды», - дейді ол.

Лу наурыз айынан бері 14 келі салмақ қосқан. Алайда ол салмағы 50 келіге жеткенше тоқтамақ емес.