12 жасар қыз алкоголь ішіп, атасының көлігін ұрлап кетті

0
1 274

Көлікті тексеру барысында салоннан алкогольді ішімдіктер табылған


12 жасар қыз алкоголь ішіп, атасының көлігін ұрлап кетті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Аламогордо қаласында (Нью-Мексико штаты) мектеп оқушысы алкогольдік ішімдікке мас болып, атасының көлігін айдап кетті, деп жазады sn.kz.

12 жасар американдық қыз құрбыларымен бірге атасының көлігін ұрлап, қалаға жол тартқан. Мұны байқап қалған полиция қызметкерлері дереу қыздардың артынан қуған. Көліктің тізгініне ие бола алмаған кішкентай қыз жол бойындағы бағанаға соғысты.

Полицейлердің айтуынша, көлікті тексеру барысында салоннан алкогольді ішімдіктер табылған. Енді қыздардың ата-аналарына айыппұл салынуы мүмкін.