13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды

0
690

Бұл вирустың балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті емес екені туралы пікірді жоққа шығарды.


13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды

ERNUR.KZ. Лондонда коронавирустан көз жұмған жасөспірім тіркелді. Бұл британиялық дәрігерлердің вирус балалар мен жеткіншектер үшін қауіпті емес деген пікірін теріске шығарды деп жазады NUR.KZ.

Өткен жұмада 13 жастағы балаға коронавирус диагнозы қойылды. Оның қосалқы аурулары болмаған. Лондондағы әйгілі "Kings College" ауруханасының өкілі қайтыс болған жасөспірімнің отбасына көңіл айтты.

Айта кету керек, жуырда тағы бір 19 жастағы британиялық жігіт коронавирустан көз жұмған.

Осыдан үш апта бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі вирустың айтарлықтай мықты екені туралы қауесеттердің әсіреленіп жіберілгенін айтып, халықты сендірген еді.

Атап айтқанда, Борис Джонсон вирустың балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті емес екенін алға тартқан және мектетерді ата-аналар мен қоғамның қысымынан карантинге жапқан.

Енді анықталғандай, мектептерді жабу - жалғыз дұрыс шешім болған.