16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды

0
1 044

Бір отбасының алты мүшесінің, оның ішінде төрт жасқа дейінгі екі жас баланың мүрделері Ресейдің Ульянов облысы ауылындағы үйлердің бірінен табылды.


16 жастағы бозбала бүкіл отбасын балталап өлтіріп, өз-өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Ресейдің Ульянов облысында тергеушілер бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады stan.kz.

Тергеудің бір нұсқасы бойынша, 16 жастағы жасөспірім туыстарын өлтіріп, кейін өз өмірін қиған.

Патрикеево ауылында 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы әйелдердің, төрт жасқа дейінгі екі баланың мүрделері табылды. Артынан қайтыс болған 16 жасар жасөспірім табылды.

«Тергеудің бір нұсқасы бойынша, жасөспірім өзінің отбасы мүшелерін өлтіріп, содан кейін ол өз өмірін қиды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиға болған жер тексеріліп жатыр, басқа да тергеу амалдары мен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған шаралар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын-ала болжам бойынша, жас жігіт отбасы мүшелерін балтамен өлтірген. Ол шизофрениядан зардап шегуі мүмкін, дейді облыстық прокуратураның өкілі.

Өз-өзіне қол жұмсау туралы жазбада жасөспірім өліп, бәрін өздерімен бірге алып кетуді ұйғарды деп жазды. Оның үстіне, ол өте үлгілі отбасынан шыққан, олимпиадаларға бірнеше рет қатысқан, үздік оқушы болған. Шамасы, ол шизофрениямен ауырған.

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «а» тармақшалары (екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.