17 қыркүйекте алғашқы ғарыш турисі айға ұшады

0
1 474

Осы уақытқа дейін Айда 24 адам ғана болған


17 қыркүйекте алғашқы ғарыш турисі айға ұшады

ERNUR.KZ. Америкалық SpaceX компаниясы ұзақ миссия үшін зымыранмен Айға ұшатын әлемдегі алғашқы ғарыш турисімен келісімге қол қойды, деп жазады Baq.kz.

Осыған дейін SpaceX 2019 жылдың ортасына дейін алғаш рет ғарыш турисін Айға ұшыру туралы хабарлаған болатын.

Тарихқа көз жүгіртсек, осы уақытқа дейін Айда 24 адам ғана болған. 1972 жылы америкалық астронавтардың миссиясы аяқталған соң Жердің серігіне ешкімнің аяғы тимеді.

«SpaceX біздің Big Falcon (BFR) зымыранымыздың бортына мініп, Айға ұшатын әлемдегі алғашқы жолаушымен келісімшартқа қол қойды. Бұл ғарышқа саяхаттауды армандайтын қарапайым адамдарға жол ашудың маңызды қадамы болмақ», - деп жазды компанияның Twitter микроблогында.

Компания 17 қыркүйек күні ең алғашқы жолаушының кім екенін және оның ғарышқа ұшу себебін жариялайды.