17 тас жұтқан сарбаз екі жылға сотталды

0
596

Соғыс кезінде осындай қылмыс жасағандар 20 жылға дейін түрмеге қамалған.


17 тас жұтқан сарбаз екі жылға сотталды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда Душанбе гарнизонының әскери трибуналы қатардағы жауынгер Отабек Ибрагимовті қызметтен жалтарды деп таныды және екі жылға соттады, деп жазады Skifnews.kz.

Ибрагимов 2019 жылы 12 қарашада әскер қатарына қабылданған. Сол жылы желтоқсанда ол 17 тас жұтқан. Сарбаз осындай әрекеті арқылы ауруханаға түсіп, әскерден босағысы келген.

Тәжікстанда әскер қызметінен жалтарғандарды бес жылға дейін соттауы мүмкін. Соғыс кезінде осындай қылмыс жасағандар 20 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.

Сот материалдарына қарағанда, қатардағы сарбаз әуелі жеті тас жұтқан. Оны қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіне ауыстырған. Бірақ бұның әскерден босауға негіз еместігін түсінген Ибрагимов 31 желтоқсанда тағы он тас жұтқан.

Сот хабарламасында Ибрагимов "әскер қызметіндегі жағдайға төзе алмағаны" айтылған.