2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

0
1 348

2018 жылы 17 тонна 800 келі есірткі заты қолға түскен


2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Коста-Риканың жағалау күзеті екі тоннаға жуық кокаинды тасымалдаған кемені ұстады деп жазады ERNUR.KZ 24.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер АҚШ билігі жіберген дерегі бойынша қолға түсті. Күдікті кеме Тынық мұхитта, Коста-Рика жағасынан 150 шақырым қашықтықта ұсталды. Шекарашылар кемеде болған Колумбияның үш азаматын қамауға алды. Коста-Риканың өзінде кокаин өндірілмесе де елде заңсыз есірткі тасымалы белең алған. Соңғы он күнде 6 тонна 700 келі кокаин тәркіленген. Жалпы 2018 жылы 17 тонна 800 келі есірткі заты қолға түскен.