20 жастағы қыз өлі туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген

0
577

Ол жүктілігіне байланысты еш жерде есепте тұрмаған.


20 жастағы қыз өлі туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген

ERNUR.KZ. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында 20 жастағы қыз өлі туған шақалағын терезеден лақтырып жіберген, деп жазады ulysmedia.kz.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, қыз сәбиді үйінде босанған.

Шақалақтың денесін жергілікті тұрғындар Достоевский көшесінің бойынша орналасқан үйдің ауласынан тапқан. Тәртіп сақшылары оның анасын ұстады – қыз өлі туған сәбиін терезеден лақтырып жібергенін мойындаған.

Белгілі болғандай, ол жүктілігіне байланысты еш жерде есепте тұрмаған. Шақалақтың денесін өлім себебін анықтау мақсатында мәйітханаға жіберілді, ал анасы ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.