2020 жылдан әбден мезі болған жұрт жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

0
1 351

Олар үйлерін әрлеп, шыршаларын безендіруге кіріскен.


2020 жылдан әбден мезі болған жұрт жаңа жылға дайындықты бастап кетті (фото)

ERNUR.KZ. "Кеселге толы 2020 жылдан" әбден мезі болған жұрт келесі жылды күтіп алуға дайындықты қазірден бастап кеткен, деп жазады kaz.nur.kz.

Ұлыбританиялық таблоидтың жазуынша, көпшілік 2020 жылды ең жақсы жыл емес деп санайды және тұрғындардың дені бұл жылмен қош айтысатын күнді асыға күтіп жүрген көрінеді.

Мәселен, Mrs Hinch Made Me Do It атты Facebook парақшасында желі қолданушыларының бірі өзінің үйіндегі шыршаны жаңа жылға қарсы қалай безендіріп қойғанын көрсететін суреттермен бөліскен. Осылайша, ол өзіне жағымсыз әсер қалдырған 2020 жыл аяқталуға шақ қалғанын күнде есіне салып отырғысы келген екен.

Оның фотосынан екі ақ жаңа жылдық шырша барынша безендірілгенін байқауға болады. Фотомен бөліскен тұрғын өзінің жылды тезірек аяқтауға асығып жатқанын мойындап, оған күлмеуін өтінеді.

"Әлі қазан айы екенін жақсы білемін, ерте бастап қойғанымды да ұғып тұрмын. Десе де бұл жыл сондай жағымсыз болды. Сөге көрмеңіздер", - деп жазған ол.

Бір қызығы өзге желі қолданушылары оның бұл әрекетін оғаш деп санамайтынын аңдатқан. Себебі, жүздеген өзге тұрғын жаңа жылға ақырындап дайындықты бастап кеткендерін алға тартыпты.