2020 жылдың ең танымал актерлері аталды

0
1 688

Көш басында Том Хэнкс тұр.


2020 жылдың ең танымал актерлері аталды

ERNUR.KZ. Google компаниясы 2020 жылдың ең танымал актерлерін атады. Тізімде америкалық актер Том Хэнкс көш бастап тұр, деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, Том Хэнкс COVID-19 жұқтырғанын мәлімдеген алғашқы атақты адамдардың бірі. Бұл оның көш басында болуға әсер еткен. Қазіргі таңда ол аурудан толық айыққан.



Одан кейін тізімді ең үздік актер ретінде "Оскар" сыйлығын алған Джоакин Финикс пен үнді актері Амитабх Баччан тұр. Баччан да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен еді.

Төртінші орында актер және комик Рики Джервейс тұр. Ол "Алтын глобус" сыйлығын алған болатын.



Бесінші орынды Джада Пинкетт-Смит алып, ең танымал актриса атағына ие болды.

Уилл Смиттің әйелі көпшілік алдында сатқындығын мойындаған еді. Бұл жағдай қоғамды таңғалдырып, интернетте рекорд орнатты. Тіпті, оның шоу бағдарламада сатқындығын мойындауы Facebook-те жарияланып, әлеуметтік желі тарихында 24 сағат ішінде ең көп қаралған видео атанды. Алғашқы сағатта оны 2 миллионнан аса адам көрген.

Сонымен қатар, Джастин Хартли мен Леа Мишель алтыншы және жетінші орынға жайғасты. Ал рейтингтің көш соңында мексикалық актер Элеасар Гомес, "зорлық жасады деп айыпталған " актер Энсель Элгорт, жол апатында адам өлтіргені үшін сотталған ресейлік актер Михаил Ефремов тұр.