2023 жылдың наурыз айында бірнеше елде күшті жер сілкінісі болады – Ғалым

0
1 011

Бұл болжамда 3-7 наурыз аралығында планеталардың жақындауы фонында сейсмикалық белсенділік көп болуы мүмкін делінген.


2023 жылдың наурыз айында бірнеше елде күшті жер сілкінісі болады – Ғалым

ERNUR.KZ. Нидерландылық сейсмолог Фрэнк Хугербитс 2023 жылдың наурыз айында кейбір елдерде күшті жер сілкінісі болатынын болжады, деп жазады stan.kz.

Хабарламаны ғалым жұмыс істейтін SSGEOS ғылыми институты таратты.

Бұл болжамда 3-7 наурыз аралығында планеталардың жақындауы фонында сейсмикалық белсенділік көп болуы мүмкін делінген. Жерасты дүмпулері 12 баллда, магнитудасы 8,5 және одан да жоғары болуы мүмкін.

“Мен асыра айтып немесе адамдарды дүрбелеңге салуға тырыспаймын. Бұл жай ғана ескерту. Жапонияның оңтүстігі, Индонезия, Португалия, Греция, Пәкістан, Солтүстік Американың бір бөлігі және Курил аралдары ең қауіпті аймақ", - деді ғалым.

Бұған дейін геолог-ғалым Окан Туйсуз туристерге Түркияның танымал демалыс орындарында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ғалымның сөзінше, демалушылар арасында сұранысқа ие болған Измир, Мугла, Анталия, Стамбул қалалары келесі жер сілкінісінің қауіпті аймағында.