22 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Google картасы арқылы табылды

0
1 683

Көлік 2007 жылдан бері суреттерден көрінгенімен, 12 жыл бойы оған ешкім назар аудармаған.


22 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам Google картасы арқылы табылды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөз

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Флорида штатында 20 жылдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі суға батып кеткен көліктен табылды, деп жазады ktk.kz.

Көлік Google картасы арқылы табылыпты. 40 жастағы Уильям Молдт 1997 жылы 7 қарашада жоғалып кеткен. Ол түнгі клубқа кеткеннен кейін үйіне қайтып келіпті. Полиция тергеуді бастағанымен, одан ештеңе шықпаған.

Биылғы жылдың тамыз айының аяғында полиция Флоридада, Веллингтон қалашығына жақын маңдағы тоғаннан автокөлік табылғаны туралы қоңырау түскен. Көлікті судан шығарғаннан кейін, оның ішінен адамның сүйегі табылды.

Арада бір апта өткеннен кейін сүйектің Уильям Молдтқа тиесілі екені анықталды. Белгілі болғандай, сол жердегі жергілікті мүлікті зерттеп жүрген адам Google Earth картасының суретінен көлікті байқапты.

Көлік 2007 жылдан бері суреттерден көрінгенімен, 12 жыл бойы оған ешкім назар аудармаған. Google (Moon Bay Circle, Wellington) картасынан әлі күнге дейін көліктің сұлбасын көруге болады.