​35 жастағы келіншек өмірге төртемді әкелді

0
5 974

35 жастағы ананың егіз сәбилері 13 маусым күні дүниеге келген. Нәрестелердің үшеуі ұл, біреуі қыз. Ұл балалардың салмағы 2,3 кг болса, қыз бала 1,7 кг салмақпен дүниеге келген.


​35 жастағы келіншек өмірге төртемді әкелді
иллюстрациялық фото: gallery.ykt.ru

ERNUR.KZ. Тәжікстандық Назокат Ходибоева өмірге төртемді әкелді, деп жазады ca-newc.org.

35 жастағы ананың егіз сәбилері 13 маусым күні дүниеге келген. Нәрестелердің үшеуі ұл, біреуі қыз. Ұл балалардың салмағы 2,3 кг болса, қыз бала 1,7 кг салмақпен дүниеге келген.

Перзентхана дәрігерінің айтуынша, нәрестелер жүктіліктің 35-ші аптасында, уақытынан ертерек туылған. Бұған қарамастан олардың жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығы жақсы. Бүгінде нәрестелер вакуумда жатыр.

Өмірге төртемді әкелген ананың жағдайын жергілікті Гафуров ауданының әкімшілігі біліп қайтқан. Егіз сәбилер мен оның отбасына қажетті көмектің барлығын беретінін де жеткізген.

Төртемнің анасы Назокаттың тағы да 4 баласы бар, тұңғышының жасы 15-те. Өзі еден жуушы, ал балаларының әкесі жүргізуші болып жұмыс істейді.