4 млн долларлық лотерея билетін ұмытып кеткен

0
1 304

Бастапқыда оған ұтыс көлемі 4 мың АҚШ доллары сияқты көрінген. Кейіннен мұқият қарағанда барып, өзінің лотереясы 4 млн АҚШ долларын ұтқанына көз жеткізген.


4 млн долларлық лотерея билетін ұмытып кеткен

фото: upravdom-29.ru

ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны 4 млн доллардық ұтысы бар лотерея билетін ұмытып кеткен, деп жазады life.ru.

Бастапқыда оған ұтыс көлемі 4 мың АҚШ доллары сияқты көрінген. Кейіннен мұқият қарағанда барып, өзінің лотереясы 4 млн АҚШ долларын ұтқанына көз жеткізген.

Оқиға АҚШ-тың Честерфилд қаласында болған. Қала тұрғыны Джефф Кретцер лотерея билетін сатып алған соң бір айдан кейін ғана кездейсоқ тауып алған. Өзінің құжаттарын іздеп жатып жұмыс үстелінде тұрған билетті тауып алып, тексергенде 4 миллионның егесі болып шыға келеді.

Кретцер мұндай бақтың өзіне күтпеген жерден қонғанын айтады. Себебі, лотерея билетін сатып алғаны мүлде есінен шығып кеткен.

Лотерея иесі өзіне тиесілі ұтысқа қол жеткізді.