4 мыңға жуық жұп бір мезгілде некесін қиды

0
1 294

Оңтүстік Кореяның Капхен қаласында 64 елден жиналған төрт мыңға жуық жұп некесін қиды.


4 мыңға жуық жұп бір мезгілде некесін қиды

фото:ktk.kz.

ERNUR.KZ. Капхен қаласы Сеулдің солтүстік-батысында орналасқан. Жаппай үйлену алғаш рет 1954 жылы Сеулде діни қайраткер Мун Сон Мен құрған Шіркеу бірлестігінде өткізілген, деп жазады ktk.kz.


Салтанатты рәсім "Әлем орталығында" өтті. Оған интернет арқылы тағы да 190 елдің 28 мың жұбы қосылды. Олар - Мунның тәлімгерлері. Бұл шіркеудің басшылығы көбінесе жұптарды өздері іріктеп таңдайды. Болашақ жұптар үйленуге дейін тіпті бір рет қана кездесіп үлгереді. Кейді тіпті әр елден келген қыз бен жігіттер бір-бірінің тілін де түсінбейді.

Осыдан 25 жыл бұрын Макаодан келген Ясминнің ата-анасы тап осылай жұптасыпты. Енді Ясмин өзі осында тұрмыс құрып жатыр. Ал болашақ күйеуін таниды, олар былтыр осы Шіркеу бірлестігінде кездесіп, үйлену туралы шешім қабылдапты.

Ясминнің күйеуі Мун Сон Мен ұйымдастырған некенің екінші ұрпағы. Бұл қозғалыстың негізін қалаушы оның ата-анасының фотосына қарап-ақ бір-біріне лайықты деп шешіпті. Шіркеудің негізін қалаушы дүниеден өткеннен кейін (2012 жылы 92 жасында) жаппай үйлендіруді оның жесірі Хан Хак Ча өткізуде. Шіркеу бірлестігі көптеген елдерде тоталитарлы секта деп аталады.

Сыншылар оның қаржылық қызметіне күмәнмен қарайды. Ал Мунның өзі кезінде АҚШ-та салық төлеуден жалтарғаны үшін түрмеге отырып шығыпты. Алайда бұл мәселелер шіркеу ізбасарларына тоқтау салмайды. Олардың саны қазір бүкіл әлем бойынша жеті миллионға жетіп отыр.