56 жастағы әйелдің бүйрегінен 3 мың тас алынды

0
1 187

Жергілікті әйелдің бүйрегінен 2980 тас шықты.


56 жастағы әйелдің бүйрегінен 3 мың тас алынды

Қытайлық дәрігерлер жергілікті тұрғынның бүйрегінен 3 мыңға жуық тасты алып тастады, деп жазады ERNUR.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның бүйрегіндегі тастар инфекция салдарынан пайда болған. Ал мұндай инфекцияның тарауына қант диабеті себеп болыпты. Чанчжоу округінде 56 жастағы әйел ішінің ауыратынын айтып, дәрігерлерге жүгінген. Әйелдің бүйрегіндегі тастарды алып шығу үшін дәрігерлерге бір сағат қажет болды. Олар санап көргенде, әйелдің бүйрегінен 2980 тас шықты.

«Біз мұндайды көргенде қатты таңғалдық. Бүйрегінің семіп қалуы мүмкін еді. Бұл жағдайда тек тастарды алып тастау арқылы ғана емдеуге болады», – дейді клиниканың урология бөлімінің меңгерушісі Мо Найсин.