57-өлшемді аяқ киім киетін жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
1 166

Ларс Мотза Берлинде тұрады.


57-өлшемді аяқ киім киетін жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. 16 жастағы жігіттің аяғының өлшемі – 57. Дүкендерде оған сай аяқ киім табу қиын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ларс Мотзаға аяқ киім үшін 1500 еуро төлеп, арнайы тапсырыс беріп алдыртуға тура келеді.

Қуанышқа қарай, шығынды медициналық сақтандыру қоры жауып отыр. «Бұл рекордтың маған тиесілі екеніне қуаныштымын»,– дейді Ларс. Дейтұрғанмен, физиологиялық ерекшелігі өмірде көп келеңсіздік тудыратынын жасырмады.

«Маған баспалдақпен көтерілу қиын. Көлік жүргізу курсына да бара алмаймын. Спортпен шұғылдануға да болмайды», – дейді жаңа рекордсмен.

«Тіпті бірде Цюрих әуежайында аяқ киімімді шешуге мәжбүр болдым, өйткені қауіпсіздік қызметі аяғымның үлкен екендігіне сенбеді. Олар мені аяқ киіміме бірдеңе салып алған деп ойлады», – дейді Ларс.