7 сынып оқитын қызын жезөкшелікке салған ана сотталды

0
1 442

14 жастағы оқушысы анасының талабымен жезөкшелікпен айналысқан


7 сынып оқитын қызын жезөкшелікке салған ана сотталды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында жетінші сынып оқушысы анасының талабымен жезөкшелікпен айналысқан. Соның салдарынан аяғы ауыр болып қалған қызына шешесі аборт жасатқан, деп centralasian.org.

Ферғана облысы басшысы орынбасарының көмекшісі Сайёра Алимованың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған қызға қарсы қылмыс жасағандардың барлығы тиісті жазасын алды.

"Бешарык аудандық соты 39 жастағы жергілікті тұрғын Феруза Давронованы қызын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін айыпты деп танып, 10,5 жылға соттады. "Чорбогтуронил" ауылының тұрғындары - Шерзод Балибеков, Жасур Эргашев және Эргашали Сулаймонов кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған деген айыппен 12 жылға түрмеге қамалды", - деді шенеунік.

Оның айуынша, жетінші сынып оқушысымен психолог жұмыс істеген. Одан соң қыз Қоқан қаласындағы мектеп-интернатқа ауыстырылды.

Аудандық сот өкілі үкімнің үкімнің күшіне енгенін, қыздың анасы мен кісі зорлаушылар колонияға жөнелтілгенін айтты.

Еске салайық, 18 тамызда Бешарык ауданындағы қышлақтардың бірінде жетінші сынып оқушысының бес ай болған жүктілігін акушер-гинеколог жергілікті шенеуніктердің бұйыруымен үзгені хабарланды. Бұған қоса аудандық әкімшілік қыздың отбасына материалдық көмек көрсеткен.

"Жергілікті билік қыздың үйін жөндеп берген. Бұның барлығы Ташкенттен шенеуніктер тексеруге келіп қалған жағдайда, 39 жастағы әйел жоқшылықтан қызын жезөкшелікке мәжбүрлеген деп айтпас үшін жасалған", - деді дереккөз.