74 және 78 жасында алғаш рет ата-ана атанған ерлі-зайыптылар өлім аузында жатыр

0
1 038

Олар егіздерді ЭКО көмегімен өмірге әкелді.


74 және 78 жасында алғаш рет ата-ана атанған ерлі-зайыптылар өлім аузында жатыр

ERNUR.KZ. Үндістандық Эрраматти мен Раджа 70 жастан асқанда егіз қыздардың ата-анаcы атанды. Сәбилердің жағдайы жақсы болғанымен, ерлі-зайыптылар ауруханада жатыр, деп жазады Stan.kz.

Эрраматти Мангаямме және Раджа Рао қазір 74 және 78 жаста. 5 қыркүйекте олар ата-ана атанды. Олар егіздерді ЭКО көмегімен өмірге әкелді. Балалар кесарь тілігімен дүниеге келген. Нәрестелердің денсаулығы жақсы. Бірақ, қарт ерлі-зайыптылардың жағдайы нашар. Туған сәттен бастап қарт ана интенсивті ем алып жатыр. Егер босанған әйел жас болса, бұған жол бермеуге болар еді. Жүктілікті бақылайтын дәрігер Эрраматтидің шын жасын өзінен жасырғанын айтты. Оның айтуынша, оған жасы небәрі 60 жаста екенін айтқан екен.

«Біз бұл туралы кездейсоқ білдік. Бала босанғаннан кейін. Медбикемен сөйлескенде оның күйеуі кездейсоқ оны шынайы жасын атады. Мен қатты ашуландым!», - дейді дәрігер.

Эрраматти өмір үшін күресіп жатқанда, әке егіздер туылғаннан кейін бірден баспасөзбен белсенді араласа бастаған. Қазір олардың жер бетіндегі ең бақытты жұп екендіктерін мақтан тұтатын айтқан. Алайда, ертесі күні өзі инфаркт алып қалады.

Дәрігерлер ерлі-зайыптылардың денсаулығы туралы егжей-тегжейлі ашып айтпады, бірақ ата-аналардың екеуінің де жағдайы қазір тұрақты.