Адам ғарыштан жерге құласа не болады?

0
2 855

​Ғалымдар адам ғарыштан құлаған кезде не болатынын түсіндіріп берді.


Адам ғарыштан жерге құласа не болады?

ERNUR.KZ. 2014 жылдың 24 қазанында Google компаниясының жоғары лауазымды қызметкері Роберт Алан Юстас стратосферадан парашютпен секіріп, әлемде бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Бұл кезде биіктік 42 километрді құрады. Ал Алан аспаннан жерге қарай 1 320 километр сағатына жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Stan.kz.

Ал адам ғарыштан секірсе не болмақ? Жер мен ғарыштың арасындағы қашықтықтың бұдан да алыс екені белгілі. Халықаралық авиация қауымдастығының мамандары ғарыш пен атмосфера арасындағы қашықтық 100 километрді құрайтынын айтты.

Десе де, бұлай ешкім секіріп көрмегенін бірден айтуымыз керек. Ал жүзеге асыру үшін бұрын-соңды болмаған дүниені жасау керек болады. Бірақ, жасаған жағдайда тірі қалмайтыны анық. Себебі адам мезосфера қабатынан өтіп бара жатқан кезде балқып кетуі ғажап емес.