Адам толы аттракцион жерге құлап, 20 жасар қыз қайтыс болды (видео)

0
1 115

Қайғылы оқиға 28 маусым күні болған.


Адам толы аттракцион жерге құлап, 20 жасар қыз қайтыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Жизақ қаласындағы "Истиклол" деп аталатын балалар саябағында адам толы аттракцион жерге құлап, 20 жасар қыз мерт болды, деп жазады ozodlik.org.

Оқиға куәгері "Ұшатын тәрелке" деп аталатын аттракционның тұтқасы сынып, адамдармен бірге бес метр биіктен құлап түскенін айтады. Сол уақытта аттракционда 10-нан аса адам болған көрінеді. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Оқиғаны Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі растады. Қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.