​Адамдар тамақтанып отырған жерге асау жылқы кіріп қиратып кетті (видео)

0
4 280

Оқиға бардың ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған.


​Адамдар тамақтанып отырған жерге асау жылқы кіріп қиратып кетті (видео)

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ипподромға жақын орналасқан жердегі адамдар жайбарақат тамақтанып отырған барға асау жылқы кіріп кетіп, үстелдер мен ыдыстарды қиратып кетті, - деп жазады life.ru.

Оқиға Францияның Шантий қаласында орын алған. Барға кірген жылқы артқы қос аяғымен тебініп, жолында кездескеннің бәріне қирата жөнелгенде тамақтанып отырған адамдар қайда қашарын білмей сасқалақтап қалды. Бұл оқиға бардың ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған.


Асау жылқының қайдан және қалай келгені кейіннен белгілі болды. Ол ипподромда өткен кезекті бәйгеге қатыспай қалған сәйгүлік болып шықты. Иесін белгісіз себеппен құлатып кетіп, шаба жөнелген көрінеді.

Оқиға барысында жапа шеккен ешкім болмаған.