​Адамның нәжісін тыңайтқышқа айналдыратын әжетхана жасалды

0
1 542

Аталған әжетхананы таныстырған - Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс.


​Адамның нәжісін тыңайтқышқа айналдыратын әжетхана жасалды

Фото: Mark Schiefelbein / AP

ERNUR.KZ. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс Қытайда өткен көрмеде сусыз жұмыс істейтін жоғары технологиялық әжетхананы таныстырды, деп жазады rbc.ru Reuters-ке сілтеме жасап.

Суды қажет етпейтін әжетхана қатты және сұйық қалдықтарды ажыратып, екеуін де химиялық тыңайтқышқа айналдыру принципімен жұмыс істейді.

Гейтстің жоғары технологиялық әжетханасына «Бұл - санитария саласында соңғы 200 жылда жеткен ең жоғары жетістік» деп дәйексөз келтірді Bloomberg.

Айта кету керек, жоғары технологиялық әжетхана Билл Гейтс пен пен оның әйелі Мелинданың қайырымдылық қоры қаржысына жасалған. Жеті жыл бойы зерттеу нәтижесінде адамнан шығатын қалдықтарды тыңайтқышқа айналдыра алатын құрылғыны жасап шығу үшін қордан 200 млн. АҚШ доллар жұмсаған. Гейтстің сөзінше, осындай 20 әжетхана моделі дайындалған.

Гейтс қорының келтірген мәліметінше, санитария саласындағы қолайсыз жағдайлар жыл сайын 5 жасқа дейінгі 500 мың баланың өліміне себепші көрінеді. Диареяның, тырысқақ пен басқа да аурулардың әсерімен, ауа мен судың ластануымен күресуге уақыт өткен сайын ұлғайып бара жатыр.