Әйел адам құрбысының бір жасар баласын 13-қабаттан лақтырып жіберген

0
1 258

Бір жасар бүлдіршін көз жұмған.


Әйел адам құрбысының бір жасар баласын 13-қабаттан лақтырып жіберген

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Бүгін, 4 желтоқсан күні, әйел адам құрбысының сәбиін Жаңа Мәскеудегі (Мәскеу облысының бұрынғы аумағы) тұрғын үйлердің бірінің 13-қабатынан лақтырып жіберген, деп жазады 24.kz.

Оқиға Летчик Ульянин көшесінде болған, бір жасар бүлдіршін көз жұмған.

«Пәтерде баланың анасы мен оның құрбысы болған, алдын ала болжам бойынша, құрбысы сәбиді терезеден лақтырып жіберген», – делінген тергеушілер таратқан мәліметте.

Әйел адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.