Әйел туған қызын өзенге батырып жіберген

0
745

Айыпталушы қызының тәрбиесімен айналысқысы келмеген.


Әйел туған қызын өзенге батырып жіберген

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Дағыстанның Чонтаул ауылының тұрғынына қатысты қызын өзенге батырып жібергені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы 2012 жылғы қызын оның тәрбиесімен айналысқысы келмегені үшін өлтірмек болған. 2018 жылы 6 қыркүйекте күндізгі уақытта әйел адам қызын өзен жағалауына алып келіп батырған.

Артынша жеткіншектің көз жұмғанына сенімді болғаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Үш күннен кейін жеткіншектің денесі өзеннің бойынан табылған.

РИА Новости мәліметінше, тергеу амалдары барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін ақпарат жеткілікті түрде жиналған. Жақында іс сотқа жіберіледі.