Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

0
869

Ұшақ Лондоннан Нұр-Сұлтанға рейс жасауы тиіс еді.


Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады almaty.tv.

«27 маусым күні КС 942 рейсімен ұшқан Air Astana әуе компаниясы ұшағының бір генераторы істен шықты. Ол Лондон-Нұр-Сұлтан бағытымен шыққан болатын. Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ штаттық режимге сай қонды», – деп хабарлады Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясындағылар қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 93 жолаушы Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:50-дегі қосымша рейспен (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 12:50) Нұр-Сұлтан қаласына ұшады.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Санкт-Петербургтен Алматыға ұшқан Air Astana-ның ұшағы Мәскеу әуежайларының біріне шұғыл қонған еді. Себебі сигнал беру дисплейінде қозғалтқыштардың бірінде майдың қысымы азайғаны туралы ақпарат шыққан.

Ал 22 маусым күні Air Astana-ның әуе кемесі (Ташкент – Алматы рейсі) Шымкент әуежайына қонды.