Airbus A380 өсімдік майынан жасалған жанармаймен ұшып көрді

0
894

​Airbus компаниясының ең үлкен жолаушылар ұшағы A380 экологиялық таза SAF жанармайын құйып, ұшты.


Airbus A380 өсімдік майынан жасалған жанармаймен ұшып көрді

ERNUR.KZ. Ол қалдық майлардан және ең көп таралған өсімдік майынан жасалған, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші рейс 25 наурызда, екіншісі 29 наурызда орындалды. Жанармайды француздық TotalEnergies компаниясы жеткізген. Airbus жылы 2021 жылдың наурызында A350 ұшағында аталған отын түрін сынап көрді, ал A319neo кіші фюзеляжды ұшағы қазан айында өсімдік майымен ұшты.

Компания 2030 жылдың соңына дейін өз ұшақтары 100% SAF сертификатына ие болады деп үміттенеді. Қазіргі уақытта барлық Airbus ұшақтары керосинмен 50% SAF жанармайымен ұшуға сертификатталған.