​Әкесін қымбат көлігімен бірге жерлеген

0
4 391

ERNUR.KZ.Азубуике (Azubuike) есімді Нигериялық өз әкесін табытта жерлеудің орнына жаңа көлікте жерлеген.


​Әкесін қымбат көлігімен бірге жерлеген

ERNUR.KZ.Азубуике (Azubuike) есімді Нигериялық өз әкесін табытта жерлеудің орнына жаңа көлікте жерлеген, - деп хабарлайды tengrinews.kz The Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ер адам әкесін жерлеу үшін 66 мың фунтқа (шамамен 30 миллион теңге) жаңа BMW көлігін сатып алуды шешкен. Азубуике әкесі тірі болғанда оған жаңа көлік әперуді уәде еткен екен. Сондықтан ол осындай ерекше жолмен құрмет көрсеткісі келген.

Жерлеу рәсімінде түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде таралып, талқыланып жатыр. Қолданушылар мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырғанын айтады. Кейбір қолданушылар жерлеу рәсіміне сонша қаражат жұмсалуына наразылық білдіріп жатыр. Ал кейбіреулер Азубуикенің өзімшіл адам екенін жазған.