Әкімнің бұрынғы орынбасары үйінде асылған күйінде табылды

0
705

Үйдің жер төлесінде сымға асылып қалған.


Әкімнің бұрынғы орынбасары үйінде асылған күйінде табылды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Маргилан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Эльёр Тухтаматов үйінде асылып қалған жерінен табылған, деп жазады centralasian.org.

Оқиға туралы мәлімет қаланың ішкі істер басқармасына 30 қарашада келіп түскен. Эльёр Тухтаматов Ферғанадағы үйдің жер төлесінде сымға асылып қалған.

Қазір жергілікті прокуратура тергеуге дейінгі тексеру істерін жүргізіп жатыр.

35 жастағы Эльёр Тухтаматов 2018 жылдың тамызында Маргилан әкімі орынбасарлығына тағайындалып, 2019 жылдың сәуір айында өз арызы негізінде қызметінен босатылған.