АҚШ азаматтары құжатты рәсімдеу кезінде "Х" жынысын таңдай алады

0
627

Бүгінгі таңда үшінші жыныс түрі бірқатар елдерде ресми түрде тіркелген.


АҚШ азаматтары құжатты рәсімдеу кезінде

ERNUR.KZ. АҚШ азаматтары 11 сәуірден бастап төлқұжатты рәсімдегенде "ер" немесе "әйелден" бөлек, "Х" жынысын таңдай алады, деп жазады Stan.kz.

Гендерлік "Х" белгісі бар төлқұжатты алған АҚШ-тың алғашқы азаматы Дана Ззиим болды. Ол АҚШ мемлекеттік департаментінен "дұрыс" құжатты алу мүмкіндігін алты жыл бойы талап етіп келген.

Айта кетейік, бүгінгі таңда үшінші жыныс түрі бірқатар елдерде ресми түрде тіркелген. Олардың қатарында Аустралия, Үндістан, Мальта, Канада, Непал және Жаңа Зеландия елдері бар.

Ал Америка әкімшілігінің үшінші гендерді құжатқа қосу туралы идеясы 2021 жылдың жазында белгілі болды. Сол кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл қадам ЛГБТ қауымдастығының тең құқығын ұйымдастыру үшін қажет екенін айтқан еді.