АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша үшінші орынға шықты

0
666

Соңғы аптада АҚШ-та қайтыс болғандардың саны 10 есе ұлғайған.


АҚШ COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша үшінші орынға шықты

ERNUR.KZ. АҚШ COVID-19 жұқтыру бойынша Қытай мен Италиядан кейін үшінші орынға шықты. Мұндай мәліметті федерал және жергілікті статистиканы жүргізетін Джонс Хопкинс америкалық университеті келтірген, деп жазады Tengrinews.kz.

Университет мәліметі бойынша, АҚШ-та барлығы 25 493 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 307 адам қайтыс болған.

Бүгінде АҚШ коронавирус жұқтырған адам саны бойынша Қытай (81 мыңдай) мен Италиядан (53 мыңдай) кейін үшінші орында тұр. Ал Испанияда COVID-19 жұқтыру бойынша адам саны АҚШ-тан небәрі 100-ге аз болған күннің өзінде, қайтыс болғандардың саны 1,3 мыңға жуық болды.

Соңғы аптада АҚШ-та қайтыс болғандардың саны 10 есе ұлғайған.