АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты

0
652

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 82,4 мың адамнан асқан.


АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орынға шықты

ERNUR.KZ. Бейсенбі, 26 наурызда АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орынға шықты. Олар бір күнде Қытай мен Италиядан озып кеткен. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

Бейсенбі кешкі уақыттағы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандар саны 82,4 мың адамнан асқан. Қытайда 81,8 мың, Италияда 80,5 мың адам вирус жұқтырған.

АҚШ-та өз статистикасын жүргізіп отырған New York Times газеті де осындай сандарды атады.

АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны Италиядан да тез көбейіп жатыр, ал Қытайда қазір коронавирус тоқтап келеді.

Бірақ АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 1178-ге жеткен. Бұл Италия (8215), Испания (4365) және Қытайдан (3287) әлдеқайда аз.

Дональд Трамп 26 наурызда Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында АҚШ-тың коронавирус жұқтырғандар арасында бірінші орынға шығуына жаппай сынама жасау себеп болғанын айтты.