АҚШ коронавирусты емдеудің жаңа тәсілін ұсынды

0
515

Ресей АҚШ-тың COVID-19 емдеу мен тиімді вакциналарға қол жеткізуді жеделдету үшін жасалған ведомствоаралық ұйымына көмек ұсынған еді.


АҚШ коронавирусты емдеудің жаңа тәсілін ұсынды

ERNUR.KZ. Бірқатар әлемнің ғылыми топтарының дәрігерлері коронавирусты сәулелік терапияны қолданып емдеуді ұсынды. Мұндай емдеу тәсілін АҚШ қолданып үлгерген, деп жазады kaz.nur.kz.

Әлемдік медициналық ұйымдардың мамандары коронавирусты сәулелі терапия әдісімен емдеу туралы сөз қозғауда. Канадада орналасқан Джек Адидің онкологиялық орталығы бұл әдісті іс жүзінде қолданып көрген. COVID-19 диагнозы қойылған науқастардың тезірек сауыққаны хабарланды.

Ал пневмониядан болатын өлім-жітім көрсеткіші 20 пайызға төмендеген. The Green Journal хабарлауынша, адамдарды емдемес бұрын дәл осы әдіспен жануарларға тәжірибе жасалған. Алайда радиологтар сәулелі терапияға қарсы шығып отыр. Айтуларынша, иммунды жүйенің негізі әрі вируспен күреске жауапты В және Т жасушалары радиотерапия жойылып кетеді.

Сондай-ақ радиация әсерінен өкпе тінінің регенерациясы бұзылады. Еске сала кетсек, 11 тамызда Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелгенін мәлімдеді. Алайда бұл хабарлама шетелдік сарапшылардың күдігін тудырды. Олар препаратты сынаудың үшінші кезеңінің болмауына байланысты оны қолдану қауіпті болуы мүмкін деп санайды.

Сондай-ақ, Ресей АҚШ-тың COVID-19 емдеу мен тиімді вакциналарға қол жеткізуді жеделдету үшін жасалған ведомствоаралық ұйымына көмек ұсынған еді. Алайда АҚШ ресейлік медицина жетістіктеріне әлі ашық емес екенін айтып, Ресей ұсынысын қабылдамады.