​АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейді пайдасы жоқ ел деп атады

0
1 258

Олардан не Украинаға, не Сирияға пайда келген жоқ.


​АҚШ мемлекеттік хатшысы Ресейді пайдасы жоқ ел деп атады

ERNUR.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейдің Украина мен Сирия мәселесіне келгенде пайдасы жоқ ел деп мәлімдеді. Бұл туралы ол NBC телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Олардан не Украинаға, не Сирияға пайда келген жоқ", - дейді дипломат.

Оның айтуынша, Ресей тарапынан еш қолдау жоқ.

"Бұл өкінішті жағдай. Терроризммен күресу бойынша ортақ мүдделеріміз жеткілікті. Ал бірақ Ресей бұл құндылықтарға келгенде мүлде өзгеше. Олардың не Ресейге, не Сирияға пайдасы тиген жоқ", - деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

Сондай-ақ, Майк Помпео АҚШ-тың Қытайға ресейлік қаруларды сатып алуына санкция енгізгенін айтып өтті. Дипломаттың айтуынша, бұл АҚШ-қа "соққы беру үшін" жасалып отыр.