АҚШ пен Канадада суықтан көз жұмғандар саны 56 адамға жетті

0
412

АҚШ-тың 12 штатында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.


АҚШ пен Канадада суықтан көз жұмғандар саны 56 адамға жетті

ERNUR.KZ. АҚШ пен Канадада жауған қалың қар мен суықтан 250 миллион адам тұратын (ел халқының үштен екісі) аумақ зардап шегуде, деп жазады ҚазАқпарат.

АҚШ-тың 12 штатында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі елде бұрын-соңды болмаған қыс болып жатыр деп тұжырымдады. Қатты соққан қарлы боран солтүстіктегі Канададан оңтүстіктегі Рио-Грандеге дейінгі аралықты қамтыды.

АҚШ пен Канададағы ауа райының қолайсыздығынан 56 адам қаза тапты.

Әсіресе Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында жағдай аса ауыр. Штат губернаторы Кэти Хоулдың айтуынша, қаза тапқандардың көбі жол-көлік оқиғасының құрбандары. Жол-көлік қозғалысы қатты қиындаған. Оның айтуынша көптеген жедел жәрдем көліктері зардап шеккен аймақтарға жете алмай, қарға батып қалуда. Боранға байланысты Вермонт, Огайо, Миссури, Висконсин, Канзас және Колорадо штаттарында да адам өлімі тіркелді. Оңтүстік Флоридада температураның айтарлықтай төмендеуінен өсімдіктер затты зардап шеккен.