АҚШ президенті Джо Байденнің жеке үйінен құпия құжаттар табылды

0
587

2 қарашада Байденнің адвокаттары ол вице-президент кезіндегі 10-ға жуық құпия құжаттарды тапқан болатын.


АҚШ президенті Джо Байденнің жеке үйінен құпия құжаттар табылды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байденнің жеке үйінен құпия құжаттар табылды. Бұл туралы президенттің арнайы кеңесшісі Ричард Саубер айтты, деп жазады tengrinews.kz.

The New York Times мәліметінше, әңгіме "құпия" белгісі бар алты бет қосымша құжат туралы болып отыр.

Еске салайық, 2 қарашада Байденнің адвокаттары ол вице-президент кезіндегі 10-ға жуық құпия құжаттарды тапқан болатын. Бұл туралы ақпарат АҚШ-тың Ұлттық мұрағатына жеткізілді, онда барлық осындай қағаз берілуі керек. Бұл ведомствоның қызметкерлері болған оқиға туралы АҚШ Әділет министрлігіне хабарлаған, осылайша құпия құжаттар сараптама орталығының ғимаратында қалай пайда болғанын тексеру басталған еді.