АҚШ президенті мигранттарға көмек көрсету туралы заңға қол қойды

0
817

Техастағы мигранттарды күту орталықтарындағы жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған


АҚШ президенті мигранттарға көмек көрсету туралы заңға қол қойды

ERNUR.KZ. АҚШ Мексикамен арадағы шекарада мигранттардың мәселелерін шешуге 4,6 миллиард доллар бөледі, деп жазады tengrinews.kz.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәйкес заң жобасына қол қойды. Аталған қаржының басым бөлігі, Құрама штаттарға жалғыз өзі келген балаларды күтуге жұмсалады.

Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды азық-түлік, баспанамен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуге де қомақты қаржы бөлінген.

Айта кетейік, бұған дейін Техастағы мигранттарды күту орталықтарындағы жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Онда жүздеген бала бірнеше апта бойы жеткіліксіз ауыз су мен тамақсыз өмір сүріп келген. Осыған байланысты АҚШ Кеден қызметінің басшысы Джон Сандерс отставкаға кеткен болатын.