АҚШ-та 29 көліктің қатысуымен жол апаты болды (видео)

0
587

Жол оқиғасының салдарынан оннан астам зардап шеккен.


АҚШ-та 29 көліктің қатысуымен жол апаты болды (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Монтиселло қаласының маңындағы автожолда 29 жеңіл және жүк көлігінің қатысуымен жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Хабар24.

Оның соңы өртке ұласып, кемінде оннан астам көлікке зиян келген.

Тілшілердің мәліметінше, синоптиктер өңірде дауыл тұрып, қар жауатынын ескерткен. Оқиғаға да көктайғақ себеп.



Видеодан алдымен жүк көліктерінің иелері рөлге ие бола алмай қалғанын байқауға болады. Осыдан соң оларға өзге көліктер де бірінен соң бірі келіп соқтығысқан.

Жол оқиғасының салдарынан оннан астам зардап шегіп, олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Өрт сөндірушілер жалынның бетін қайтару үшін қарсы жолақты төрт сағатқа жабуға мәжбүр болған. Ал магистральді көлік қалдықтарынан тазалауға тоғыз сағат кеткен.