АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды: жарақат алғандар бар

0
344

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 20-30 мәрте оқ атылған.


АҚШ-та Ақ үй маңында атыс болды: жарақат алғандар бар

ERNUR.KZ. Вашингтонда орналасқан президент резиденциясынан екі шақырым жерде атыс болып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп жазады Inbusiness.kz.

«Екі адам жарақат алды, олар жергілікті ауруханаларға жіберілді», – деді полиция өкілдері.

Оқиға 14 және Риггс көшелерінің қиылысында болған. Әзірге атыс ашқандарды қамау операциясы жүргізілмеді. Полиция күдіктіні іздеуде. Ол – жергілікті нөмірі бар қара көлікке мінген сары жемпір киген ер адам. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 20-30 мәрте оқ атылған.

Жол қиылысы Ақ үйден екі шақырым жерде орналасқан. АҚШ президенті Джо Байден бірнеше рет елді «қарулы зорлық-зомбылық»м індеті шарпығанын айтқан еді. Америкалық президенттің сөзінше, қылмыс саны кемігенімен, атыс құрбандарының саны, керісінше, өсіп жатқан көрінеді.