АҚШ-та атыс болып, 10 адам көз жұмды

0
685

супермаркетте адамдарға оқ атқан ер адам камуфляж форма, оқ өтпейтін кеудеше кигенін, басында каска, қолында автомат винтовка болған.


АҚШ-та атыс болып, 10 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Буффало қаласындағы супермаркетте атыс болып, 10 адам көз жұмды, деп жазады ulysmedia.kz.

Buffalo News басылымының мәліметінше, белгісіз ер адам адамдарға оқ атқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 3 адамға оқ тиген, екеуінің жағдайы өте ауыр.

Полиция оқ атқан ер адамды ұстаған. Алайда NBC телеарнасы құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап, оқ атқан ер адам қаза тапқандардың арасында болғанын хабарлады.

Buffalo News мәліметінше, супермаркетте адамдарға оқ атқан ер адам камуфляж форма, оқ өтпейтін кеудеше кигенін, басында каска, қолында автомат винтовка болған.