АҚШ-та балаларға вакцина егуге рұқсат берілді

0
516

Қыркүйек айында Ұлыбританияда жасөспірімдерді вакциналау басталды. Бұл елде оқушыларға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес.


АҚШ-та балаларға вакцина егуге рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Бұл елде 5-11 жас аралығында 28 миллион бала бар. АҚШ-тың медициналық реттеушісінің сараптамалық комиссиясы 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының мамандары бұл ұсынысты қабылдады. Олардың пікірі бойынша, препараттың зиянынан гөрі пайдасы көбірек. Осы жас аралығындағы екі миллионға бала коронавирус дертіне шалдыққан, олардың 8300-і ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ауруханаға жатқызылғандардың үштен бірі қарқынды терапияға мұқтаж. Ескере кететін жайт, Құрама штаттарда 5-11 жас аралығында 28 миллион бала бар. Оларға екпе салдыру процесі қараша айында басталады.

Қыркүйек айында Ұлыбританияда жасөспірімдерді вакциналау басталды. Бұл елде оқушыларға инъекция жасау үшін ата-аналардың рұқсаты қажет емес.