АҚШ-та бір күнде 2 мыңнан астам адам Covid-19-дан қайтыс болды

0
710

Әлемде вирус жұқтырғандар 19 миллионға жетті.


АҚШ-та бір күнде 2 мыңнан астам адам Covid-19-дан қайтыс болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та 6 тамызда 58 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. Бір күнде 2060 адам вирустан қайтыс болған, деп жазады Азаттық.

Соңғы бірнеше аптада елдің эпидемияны тежеу талпыныстары сәтсіздікке ұшырап жатыр. Соңғы рет ең жоғары адам өлімі көрсеткіші 7 мамырда (бір тәулікте 2 мың адам қайтыс болған) тіркелген.

Әлемде вирус жұқтырғандар 19 миллионға жетті. Латын Америкада да вирус жұқтырғандар мен адам өлімі азаймай отыр. 6 тамызда Бразилияда бір күнде 53 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған, 1200 адам қайтыс болған. Елде індеттен қайтыс болғандар саны 100 мыңға жақындап келеді.

Мексикада коронавирустан қайтыс болғандар 50 мыңнан асты. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте 6,5 мыңнан астам науқас тіркелгенін хабарлады.

Эпидемия қайталана ма деп қауіптенген Еуропа елдері қозғалысқа жаңа шектеулер қойды. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, коронавирус әлемде 715 мыңнан астам адамның өліміне себеп болған.