АҚШ-та бір күнде 2,5 мың адам коронавирустан мерт болды

0
686

Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс Университеті таратты.


АҚШ-та бір күнде 2,5 мың адам коронавирустан мерт болды

ERNUR.KZ. Америкада соңғы тәулікте 2494 адам қауіпті індеттен көз жұмды, бұл күн сайынғы адам шығыны бойынша рекордтық көрсеткіш, деп жазады baq.kz.

Елде осы індеттен қайтыс болғандар саны 30 826 дейін өсіп, өлім барлық штатта тіркелген. Сондай-ақ АҚШ аумағында инфекция жұқтырғандар саны 637 716 адамға жеткен.
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп елде инфекция таралуының жоғары шегіне жеткенін мәлімдеген еді.
Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо өңірде коронавирустан өлгендер саны төмендегенін айтты.
Соңғы мәліметтер бойынаша әлемде коронавиурс жұқтырғандар саны– 2 084 940 адамға жеткен, көз жұмғандар 138 412, сондай-ақ 508 268 адам жазылып шыққан.