АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

0
718

Коронавирустың таралуы бойынша АҚШ бірінші орында тұр.


АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті

ERNUR.KZ. Өткен тәулікте АҚШ-та коронавирустан 1243 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы ТАСС Джон Хопкинс университетіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін COVID-19 құрбандарының саны бойынша рекордтық деңгей 27 наурызда Италияда тіркелді. Италияда бір күнде 969 адам қайтыс болған еді.

Коронавирустың таралуы бойынша АҚШ бірінші орында тұр. АҚШ-та коронавирустан 5116 адам қайтыс болып, 215 мыңнан астам адам жұқтырған.