АҚШ-та бір тәулікте вирустан 770 адам қайтыс болды

0
461

Құрама штаттар коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр.


АҚШ-та бір тәулікте вирустан 770 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Дүние жүзін дүрбелеңге салған COVID-19 вирусы күн сайын жүздеген адамның өмірін қиып жатыр. АҚШ-та соңғы тәулік ішінде одан 770 азамат қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қазір Құрама штаттар коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, осы уақытқа дейін 188 мыңнан аса адам инфекция жұқтырған. 3 мың 700-дей кісі қаза тапқан.